Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да алғаш рет өртпен күресуге арналған кешендер сатып алынды

СҚО-да алғаш рет өртпен күресуге арналған кешендер сатып алынды

November 6, 2025 18:21

Солтүстік Қазақстан облысында биыл орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен шамамен 4 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады, деп жазады QZ NEWS.

Қызметкерлердің жұмыс тиімділігі мен еңбек жағдайын жақсарту мақсатында облыс тарихында алғаш рет 27 шағын орман өртіне қарсы кешен сатып алынды. Сонымен қатар 29 өрт сөндіру көлігі, 51 доңғалақты трактор, 19 дрон, 180 ауа өткізгіш және орман күзетіне арналған 60 мотоцикл алынған.

«Өңірде орманды қорғау, күзету және қалпына келтіру жұмыстарын 12 орман шаруашылығы жүргізеді. Олардың қарамағында 550 мың гектар орман қоры бар. Техниканы жаңарту орман қызметінің өрт қаупі жоғары маусымға дайындығын арттырып, өңір ормандарын қорғау және күзету жүйесін нығайтады деп сенемін», – деді облыс әкімі.

Shares