Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-ның үш спортшысы Норвегияда армрестлингтен өткен Әлем кубогында жүлде еншіледі

СҚО-ның үш спортшысы Норвегияда армрестлингтен өткен Әлем кубогында жүлде еншіледі

February 22, 2024 11:38

Норвегияның Лохтус қаласында армрестлингтен өткен Әлем кубогында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен үш солтүстікқазақстандық спортшы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

110 кг салмақ дәрежесінде Бимақанов Ильдар 2-ші және 3-ші орын иеленді (сол және оң қол). 90 кг салмақ дәрежесіне дейін Зинатулин Әділет 1-ші (оң қол) және 2-ші (сол қол) орын еншіледі. Ал Максим Пляскин 85 кг салмақ дәрежесіне дейін күміс жүлдегер атанды.

Жарысқа әлемнің 21-ші елінен барлығы 1243 спортшы қатысты.

Shares