Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында өрт сөндірушілер үй мен гаражды өрттен аман алып қалды

Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында өрт сөндірушілер үй мен гаражды өрттен аман алып қалды

November 4, 2025 17:51

Айыртау ауданының Лобаново ауылында өрт оқиғасы тіркелді. Өрт монша ішінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. Жалын тез арада шөп орамдарына таралып, көрші құрылыстарға қауіп төндірген, деп хабарлайды QZ NEWS.

Шалқар ауылындағы өрт сөндіру пунктінің және «Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Шалқар филиалының өрт сөндірушілеріне тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болды. Нәтижесінде тұрғын үй мен ішінде гараж өрттен аман қалды.

Shares