Еңбек қорғау ережелерін бұзу: СҚО полициясы астық қоймасында әйелдің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғады
November 19, 2025 20:00

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде өліммен аяқталған қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 қараша күні болған. 34 жастағы жұмысшы әйел астық қоймасына құлап, көз жұмған.
«Аталған дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.
