Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Көкжиекті кеңейтеміз: 17-ғасырдағы шведциялық әскери «VASA» кемесі неге жақсы сақталған?

Көкжиекті кеңейтеміз: 17-ғасырдағы шведциялық әскери «VASA» кемесі неге жақсы сақталған?

Стокгольм қаласы мұражайға келушілер саны бойынша әлемде жетекші орын алатынын білесіз бе? Қаладағы 50 мұражайға жыл сайын 9 миллионға жуық адам келеді. Қалалық мұражайлар арасында “Vasa” кемесі бар мұражай бұрыннан көш бастап тұр, деп хабарлайды Qz Media тілшісі.

Швед әскери кемесі Vasa 1628 жылы Балтық теңізінің түбіне батып кетті. Ол 1961 жылы ғана табылды. Бір қызығы, оның ағашы әлі де суда жүруге жарамды. Бүгінде бұл кеме 17-ғасыр кемелері арасында әлемдегі ең жақсы сақталғаны болып саналады.

Тағдырлы елге мәлім «Титаник» кемесі Саутгемптоннан салтанатты түрде жолға шығады, ал “Vasa” оркестрдің үні және толқып тұрған халықтың айқайымен Стокгольм айлағынан шығады. Сәнді дизайн мен қару-жарақ түсірген артық салмақтан “Vasa” өте ауыр болды. Көпшіліктің көз алдында қатты соққан жел кемені бірнеше минутта аударып тастады.

333 жылдан кейін сүңгуірлер Швеция жағалауында кемені тапты. Қалыпқа келтіру жұмыстары бірнеше жылға созылды.

Vasa теңіз түбінің қатайған көк сазына мықтап орнығыпты. Оны қазып алу жұмысшылар үшін қиын әрі қауіпті болды. Егер кеме басқа су айдындарында батса, оны осы күйінде шығару мүмкін болмас еді. Балтық теңізінде жылы және тұзды суда кездесетін ағаш жейтін құрттар жоқ. Осылайша кеме жақсы күйінде жағаға шығарылды.

Кемені құтқаруда сол кездегі король Густав VI Адольф көп күш салды. Ол өзі археолог болып, жобаның басы-қасында жүрді

 

 

Shares