Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаевта астық кептіргіш қондырғыда бидайдың өртенуі тіркелді

М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаевта астық кептіргіш қондырғыда бидайдың өртенуі тіркелді

October 16, 2025 20:22

М.Жұмабаев ауданының Булаев қаласында жергілікті ЖШС-лардың бірінің аумағындағы астық кептіргіш қондырғыда бидай өртене бастаған, деп хабарлайды QZ NEWS СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. От үлкен аумаққа таралмай, тез сөндірілген. Бұл жағдай астықтың басым бөлігін сақтап қалуға және материалдық шығынды барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға технологиялық процестің бұзылуы себеп болған.

Shares