Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімдігі «Страна товаров» сауда орталығының жанында жерді заңсыз иеленген кәсіпкерлерге ескерту берді

Петропавл әкімдігі «Страна товаров» сауда орталығының жанында жерді заңсыз иеленген кәсіпкерлерге ескерту берді

November 14, 2025 16:45

Петропавл әкімдігі Астана көшесі, 27 мекенжайындағы — «Страна товаров» сауда орталығына іргелес аумақта — жер учаскесіне өз бетінше павильондар орнатқан кәсіпкерлерге ескерту бере бастады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жер учаскесі бастапқыда сауда орталығына қызмет көрсету мақсатында 7 жылға жалға берілген. Жалдау мерзімі 2019 жылдың желтоқсанында аяқталып, жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

«Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін бұл жерге өз еркімен павильондар орнатылған. Бұл – заңнама талаптарын бұзу болып табылады және 75 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Жерді заңсыз пайдалану фактісі расталды. 2025 жылдың 14 қарашасында кәсіпкерлерге хабарламалар беріле бастады, оларға павильонды 2025 жылдың 17 қарашасына дейін алып тастау ұсынылды», — делінген хабарламада.

Ескертілгендей, талап орындалмаған жағдайда павильондар заң бұзушылардың есебінен мәжбүрлеп бұзылады.

Shares