Петропавл әкімі қаланы жарықтандытру шығындарына қатысты пікір білдірді

Солтүстік Қазақстан облысының журналистері Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевтен жақында болған уақыт ауыстыру қалалық әкімдіктің көше жарықтандыруы мен электр энергиясына жұмсалатын шығындарына әсер етті ме деп сұрады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Облыс орталығының әкімі уақыт ауыстыру жарықтандырудың жалпы жұмыс уақытына тікелей әсер етпейтінін түсіндірді.
«Жарықтандыру күннің жарық және қараңғы уақытына байланысты. Сағатты бір сағатқа жылжытқаныңызбен, ол тек цифрда ғана өзгереді: мысалы, шамдар 6-да қосылуы тиіс болса, 5-те қосылған сияқты көрінеді. Бірақ қараңғы уақыттағы жұмыс ұзақтығына сағат ауыстырудың қатысы жоқ. Сондықтан айтайын дегенім, кезеңге байланысты біз 25-тен 40 миллион теңгеге дейін төлем жасаймыз», – деді Серік Мұхамедиев.
