Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімі Қызыл сызықтағы сауда бутиктерін алып тастайтынын уәде етті

Петропавл әкімі Қызыл сызықтағы сауда бутиктерін алып тастайтынын уәде етті

November 14, 2025 10:52

Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев СҚО журналистерімен кездесу өткізіп, онда Қызыл сызық бойында орналасқан сауда бутиктерінің тағдыры жөнінде айтты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Облыс орталығының басшысы 2019 жылы орнатылған сауда павильондары ең алдымен қаланың көркін бұзатынын және міндетті түрде сүрілетінін мәлімдеді.

«Бұл өте сұмдық қой. Кейде қаланың ішінен өтіп бара жатқанда бұрынғы Қызыл сызықты көріп… Жай кеңістік болар еді, ауа көбірек, адамдарға да серуендеуге орын жеткілікті болар еді», – деді Серік Мұхамедиев.

Әкім оларды сүрудің негізгі себебі ретінде қаланың дизайн-кодының қабылданғалы отырғанын атады.

«Астана көшесіндегі, Интернациональная көшесіндегі сауда павильондары міндетті түрде алынып тасталады. Себебі біз қабылдайтын дизайн-код аясында оларды алып тастаймыз», – деп атап өтті Серік Мұхамедиев.

Сонымен қатар әкім жақында өрт болған Интернациональная көшесіндегі павильондардың тек жол жиегінде орналасқанын ғана емес, электр желілеріне талапқа сай емес түрде қосылғанын да айтты. Әкім соңғы өрттер бұл құрылыстарды бұзудың қажеттілігін растайтын «алғашқы нышан болуы мүмкін» екенін жеткізді.

Shares