Петропавл қаласы әкімінің қатсуымен «Ашық есік күні» өтеді
October 15, 2025 15:00

Петропавл қаласының тұрғындарын қала басшылығымен тікелей кездесу өткізуге мүмкіндік беретін «Ашық есік күні» өтеді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Іс-шара 22 қазан күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында (Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайы) өтеді.
«Ашық есік күні» — тұрғындардың қала әкімі мен мемлекеттік органдар басшыларымен тікелей сөйлесіп, өздерін толғандырған мәселелерді жеткізе алатын ашық алаң болмақ. Кездесу барысында абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және қаланың өзге де салаларына қатысты сұрақтар талқыланады.
Іс-шараға қатысуға барлық қала тұрғындары шақырылады.
