Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының №2 соты пәтер иесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді құрылыс компаниясына міндеттеуге көмектесті

Петропавл қаласының №2 соты пәтер иесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді құрылыс компаниясына міндеттеуге көмектесті

November 7, 2025 13:20

Петропавл қаласының №2 соты пәтер иесі мен құрылыс компаниясы арасындағы тұрғын үйдің сапасына қатысты азаматтық дауды табысты реттеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Талапкер сотқа жүгініп, жауапкерді қоныстанғаннан кейін анықталған айтарлықтай кемшіліктерді жоюға және құрылыс-техникалық сараптама жүргізуге кеткен шығындарды өндіруге міндеттеуді сұраған.

Іс материалдарына сәйкес, пәтер иесі қабырғалардың тегіс еместігін, едендегі жарықтарды, су ағуларын және едендегі жылыту жүйесіндегі ақауларды анықтаған. Құрылыс компаниясына бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, өтініштер ескерусіз қалған.

«Сот отырысы барысында судьяның белсенді қатысуымен және заңнама нормаларының түсіндірмелері арқылы тараптар татуласуға келді. Құрылыс компаниясы анықталған барлық кемшіліктерді өз қаражаты есебінен жоюға міндеттелді. Тараптар жұмыстардың көлемін, мерзімін және құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету тәртібін егжей-тегжейлі келісті. Сондай-ақ, жауапкер пәтер иесіне сараптама жүргізген тәуелсіз маман қызметіне төленген шығындардың бір бөлігін өтеді», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Келісім сотпен бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Shares