Петропавл волонтерлері жалғыз тұратын зейнеткерге отын, көмір жеткізіп, ауласын жинауға көмектесті

Жастар ресурстық орталығы мен «Помощь рядом» қозғалысының волонтерлері «Ізгілік жолы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Петропавлдағы қарт адамдар қамқорлықсыз қалмайды – оларға үнемі көмек көрсетіліп келеді. «Ізгілік жолы» акциясы биыл қыркүйек айында басталған. Бұл жолы волонтерлер жалғызілікті қарт әжейге барды.

Қала тұрғындарының жанашырлығының арқасында зейнеткердің үй маңы ретке келтірілді. Волонтерлер су, отын және көмір жеткізіп, жапырақтарды жинап, ауланы қоқыстан тазартты.
«Бұл жұмыс аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ қамқорлыққа мұқтаж жанға көңіл бөліп, қолдау көрсетуге бағытталған. Қамқорлық пен назар бәрімізге қажет. Біздің мақсат — көмекке зәру адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлау ғана емес, өзгелерді де ізгі істерге ынталандыру, қоғамдастық сезімін нығайту және әр адамға қамқорлық көрсету мәдениетін қалыптастыру», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
