Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Бірлік» шағын ауданының №78 үйдегі кемшіліктерді мердігер түзетті

Петропавлда «Бірлік» шағын ауданының №78 үйдегі кемшіліктерді мердігер түзетті

November 23, 2025 13:04

Әлеуметтік желілерде «Бірлік» шағын ауданының тұрғыны №78 үйге қатысты айтқан ескертулерінен кейін мердігер ұйым жедел әрекет етіп, барлық кемшіліктерді жойды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады QZ NEWS.

Екі тәулік ішінде құрылыс компаниясы қажетті құрылыс материалдарын сатып алып, толық жөндеу жұмыстарын орындады. Атап айтқанда, қабырға беттерін сылау, тегістеу және соңғы әрлеу бойынша бояу жұмыстары жүргізілді.

Үй тұрғыны Максим Черников мердігерге және кемшіліктерді тез әрі сапалы жойған барлық жауапты тұлғаларға алғысын білдірді.

Shares