Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Ишимская көшесіндегі аяқталмаған ғимаратта түтін шығуына ақауы бар мұржа себеп болды

Петропавлда Ишимская көшесіндегі аяқталмаған ғимаратта түтін шығуына ақауы бар мұржа себеп болды

November 20, 2025 09:40

Петропавл қаласындағы Ишимская көшесінде үш қабатты аяқталмаған ғимараттан түтін шықты. Оқиға орнына жедел жеткен СҚО ТЖД қызметкерлері өртті бастапқы сатысында оқшаулап, оның жайылып, ғимараттың қатты зақымдануына жол бермеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Мамандардың анықтауынша, түтін шығуына ұзақ жанатын қазандықтың мұржасының жартылай бүлінуі себеп болған.

«Оқиға себебі – пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және ақауы бар мұржа», – деп мәлімдеді ТЖД.

Shares