Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда көлемді қоқыс мәселесін тарифті көтеру және бейнебақылау жүйесін кеңейту арқылы шешпек

Петропавлда көлемді қоқыс мәселесін тарифті көтеру және бейнебақылау жүйесін кеңейту арқылы шешпек

November 15, 2025 13:11

Петропавлдағы контейнер алаңдарының ескі жиһаз және құрылыс қалдықтарымен толып қалуы — ең өзекті және күрделі мәселелердің бірі. СҚО журналистерімен кездесуде қала әкімі Серік Мұхамедиев осы проблеманы шешу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Көлемді қоқыс бойынша — конкурс өткіздік, қазір цифрландыру жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, көлемді қоқысты тарифке аздаған мөлшерде енгіземіз. Тариф сомасы сәл өседі, сөйтіп бұл мәселені шешеміз», — деді Серік Мұхамедиев.

Сонымен бірге қалада интеллектуалды камералар арқылы бақылау жүйесі енгізіліп жатыр. Олар көлемді қоқысты рұқсатсыз тастайтындарды тіркеуі тиіс.

«Қазіргі таңда жүйе былай жұмыс істейді — біреу көлемді қоқыс әкеліп тастаса, камера сигнал береді. Қазіргі уақытта аулаішілік 48 камера бар, бірақ оларды әлі де көп орнату қажет», — деді облыс орталығының әкімі.

Қала басшысы көлемді қоқыс мәселесін шешу — басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл мәселені келесі жылы толықтай шешу жоспарланып отыр.

Shares