Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда қозғалысты үйлестіруге арналған интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі

Петропавлда қозғалысты үйлестіруге арналған интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі

November 7, 2025 11:42

Петропавлда «ақылды» көлік жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Енді қаладағы бағдаршамдардың жұмысын жасанды интеллект қадағалайтын болады. Алдағы өзгерістер туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев барлық деңгейдегі әкімдердің форумында айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бүгінде Петропавл «smart city» бағытына бет бұрып келеді. Бұл дегеніміз, алдағы уақытта қалада бірқатар цифрлық жобалар жүзеге аспақ. Солардың бірі – «жасыл толқын» қағидаты бойынша жұмыс істейтін интеллектуалды көлік жүйесі.

Енді облыс орталығындағы бағдаршамдар қозғалыстағы автокөліктерге бейімделеді. Олар жасанды интеллект жүйесіне қосылады. Бағдаршамдар көлік ағынымен синхронды жұмыс істейтін болады. Көлік қозғалысын талдау арқылы бағдаршамдар «жасыл шамды» дер кезінде қосып, кептелістердің алдын алады. Бұл жүргізушілер үшін үлкен тиімділік – олар артық аялдаусыз қозғала алады.

«Жүйені енгізу арқылы қозғалысты «жасыл толқын» қағидаты бойынша үйлестіруге мүмкіндік туады. Бағдаршамдар GSM-модемдер арқылы жасанды интеллект элементтерімен байланысады. Алғашқы кезеңде жүйені Жабаев және Назарбаев көшелерінде іске қосу жоспарланып отыр», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares