Петропавлда Жамбыл көшесін жөндеудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.
September 20, 2023 12:50

Қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіровтың айтуынша, Болатбаев көшесі де жөнделіп жатыр.
«Жоба екі жылға арналған. 2024 жылы аяқталады. Биыл «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-нан Шухов көшесіне дейінгі аралықта жол төсемін салуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Әділбек Әубәкіров өзінің фейсбук парақшасында.
Айта кетейік, Мүсірепов көшесінен Гашек көшесіне дейінгі аралықтағы Жамбыл Жабаев көшесінде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Мүсіреповтен Әуезов көшесіне дейінгі аралықтағы Индустриальная көшесі жөнделуде.
