Петропавлдағы №7 мектепте оқушылар өзін-өзі басқару президенті лауазымына сайлау алдындағы дода өтті

Петропавл қаласындағы №7 орта мектепте оқушылар өзін-өзі басқару ұйымының президенті болуға үміткерлердің сайлау алдындағы жарысы өтті. Оқушылар өз бағдарламаларын мұғалімдер мен сыныптастарына таныстырып, мектеп өміріне енгізгісі келетін жаңашылдықтары туралы айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Петропавлда мектеп президентін сайлау дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осылайша, әр оқу жылының басында мұғалімдер мен оқушылар мектептің жаңа көшбасшысын таңдайды. Дауыс беру күніне дейін үміткерлер арасында пікірсайыстар ұйымдастырылады. Бұл ораторлық сайыста олардың басты мақсаты — өз идеяларының ерекшелігін көрсету.

№7 мектептегі сайлау алдындағы додада өз бағдарламаларын келесі үміткерлер ұсынды:
1. Никита Подглазов
2. Мәлика Ысқақова
3. Аңсар Сыздық
4. Ильдар Такеев
5. Даниил Баталов
«Оқушылар өз бағдарламаларын дайындап, қандай мақсатпен сайлауға түсіп отырғандарын және мектеппен қалай ынтымақтаса жұмыс істейтіндерін көрсетті. Біз үш кезеңнен тұратын дебат өткіздік. Бірінші кезең – бағдарламаларды қорғау, екінші – екі үміткердің пікірталасы, үшінші – “ашық микрофон”, яғни залдан қойылған сұрақтарға жауап беру», – деді тарих пәнінің мұғалімі, мектептегі дебат клубының жетекшісі Игорь Гавриков.
Петропавл қаласындағы мектеп президенттерін сайлау 19 қазан күні өтеді.
