Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдықтар Республика күнін орталық алаңда кең көлемде атап өтті

Петропавлдықтар Республика күнін орталық алаңда кең көлемде атап өтті

October 25, 2025 18:09

Республика күніне арналған үлкен концерт Петропавл қаласының басты алаңында өтті. Солтүстікқазақстандықтар мерекелік концертке қатысып, жергілікті шығармашылық ұжымдардың ән мен биге толы өнерін тамашалады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Орталық алаңда қала тұрғындары Республика күнін ерекше көтеріңкі көңіл-күймен, кең ауқымда атап өтті. Ән мен бидің әр нөмірі Отанымыз – Қазақстан Республикасына арналды.

«Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын! Елімізде әрдайым бейбітшілік болсын», «Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор бақыт, елімізде мәңгі тыныштық орнасын», «Барша солтүстікқазақстандықтарды, барлық петропавлдықтарды құттықтаймын! Ең бастысы – баршаңызға мықты денсаулық пен өркендеу тілеймін», – деп бөлісті қала тұрғындары.

Shares