Петррпавлда 20 қарашада азаматтарды қабылдаудың күні өтеді
November 17, 2025 09:07

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтетінін жариялады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні 20 қарашада сағат 10:00-де Оқушылар сарайында өтеді. Іс-шараға құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалар мен департаменттердің, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары да қатысады.
Өңір тұрғындары облыс басшылығына тікелей жүгініп, толғандырған сұрақтарын қоя алады.
Қосымша ақпарат алу және қабылдауға жазылу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
Жедел желі: 8 (7152) 35-00-11
Ұйымдастыру бойынша кеңес: 8 (7152) 32-03-65, 32-03-64
