Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы Петропавлдағы №1 емханада талқыланды

Елдің Негізгі заңына енгізілетін өзгерістер Петропавл ұжымдарымен қайта талқыланды. Бұл жолы қалалық қоғам белсенділері жаңа Конституция жобасының негізгі тұстарын №1 емхана ұжымына түсіндірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Медицина қызметкерлері алдында «Қазақстан Халық партиясы» СҚОФ төрағасы Болат Қожахметов пен «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік өкілдігінің төрайымы Дариға Смайылова сөз сөйледі.
Петропавлдың белсенді жастары атынан «Вайнах» орталығының жастар қанатының жетекшісі Дениэл Эдилов те баяндама жасады. Жас жігіт Kozybaev University-де заңгер мамандығы бойынша білім алуда.

«Менің ойымша, медицина ұйымдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі нашарламауы тиіс екенін атап өткен жөн. Керісінше, жаңа Конституция жобасында адам құқықтарының басымдығына және мемлекеттің әлеуметтік бағыттылығына ерекше мән берілген. Болашақта мұндай өзгерістер әлеуметтік міндеттемелерді нақтылап, кепілдіктерді күшейтуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінді. Медицина қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасында медициналық көмекті қаржыландыру көздерін бюджеттен тыс қаражат есебінен кеңейту қарастырылғаны еске салынды. Сондай-ақ Негізгі заңның жаңа редакциясында денсаулықты қорғау құқығы сақталатыны атап өтілді.

Бұл туралы медицина қызметкерлері мен Қазақстанның барлық азаматтарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде де еске салды.
«Азаматтар бұрынғыдай заңда белгіленген көлемде медициналық көмек алу құқығын сақтайды. Ұсынылып отырған өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді нақтылауға және құқықтық тұрғыда нығайтуға бағытталған», – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
