Құтқарушылар СҚО-да 34 жолаушысы бар автобусты эвакуациялады

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметкерлері ақауға байланысты жол жиегіне түсіп кеткен жолаушылар автобусына дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға Тайыншы ауданында, Келлеровка ауылының маңында болған. Петропавл – Сарыағаш бағытымен жүріп келе жатқан автобус алдыңғы дөңгелегінің ақауына байланысты жол шетіне шығып кеткен. Оқиға кезінде автобустың ішінде барлығы 34 жолаушы — Өзбекстан азаматтары және екі жүргізуші болған. Дер кезінде әрекет етудің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.
«Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Жаркөл» ЖШС және «Ласко» ЖК мамандарымен бірлесіп эвакуациялау жұмыстарын жедел жүргізді. Автобус жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жақын маңдағы Драгомировка ауылына сүйреліп жеткізілді», – делінген хабарламада.
