Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев көгалдандыру қызметін Ботаникалық баққа беруді ұсынды

Серік Мұхамедиев көгалдандыру қызметін Ботаникалық баққа беруді ұсынды

November 14, 2025 11:29

Қала әкімі Серік Мұхамедиев Ботаникалық баққа қатысты жағдайды түсіндіріп, оны дамыту жоспарын жариялады. Ол нысанға жаңа функция берілетінін атап өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Әкімнің айтуынша, бақтың басты рөлі қаланы көгалдандырумен тікелей байланысты болмақ.

«Менің ойымша, қаланы көгалдандыруға бөлінетін қаржыны Ботаникалық баққа бағыттаған дұрыс. Сол қаражат аясында олар дамып, осы ұйымға жылдар бойы жұмыс істейтін мамандарды ұстап қалады. Олар қаланың әрбір ағашын білетін болады: қай жерден ағашты алып тастау керек, қай жерге жаңасын отырғызу керек – соның бәрін меңгереді. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді Серік Мұхамедиев.

Әкімнің сөзіне қарағанда, мұндай тәсіл осы салада көп жылдан бері еңбек етіп, қаланың көгалдандыру ерекшеліктерін жақсы білетін құнды мамандарды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Shares