Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СКО-да 20 қараша қар, жаңбыр және боран күтіледі

СКО-да 20 қараша қар, жаңбыр және боран күтіледі

November 19, 2025 17:10

Солтүстік Қазақстан облысында 20 қарашаға дауылды ескерту жарияланды. Аймақ тұрғындарын ауа райының күрт нашарлауына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Синоптиктердің болжамынша, тәулік бойы облыс аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетеді, көктайғақпен бірге сырғыма болады. Облыстың батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі деп күтіледі.

Петропавл қаласында да 20 қараша күні жаңбыр мен қар, көктайғақ, сырғыма және тұман болжанады. Түнде желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Shares