Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СКО-да аса ірі мөлшердегі мефедронмен Астана тұрғыны ұсталды

СКО-да аса ірі мөлшердегі мефедронмен Астана тұрғыны ұсталды

November 18, 2025 16:38

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавлға аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен 35 жастағы астаналық жүргізген «Kia Cerato» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды QZ NEWS.

СКО ПД мәліметінше, көліктің жүк салғышынан полиция қызметкерлері төрт орама табып, тәркіледі. Сараптама олардың құрамында жалпы салмағы 608 грамнан асатын синтетикалық есірткі — α-PvP және «мефедрон» бар екенін анықтады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу — Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Биыл өңірде заңсыз айналымнан шамамен 5 келі синтетикалық психотроптық зат тәркіленді.

Shares