Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімдігі мен Татарстан Үкіметі өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды

СҚО әкімдігі мен Татарстан Үкіметі өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды

October 31, 2025 20:29

Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың шақыруымен Солтүстік Қазақстан облысының ресми және іскерлік делегациясы Қазан қаласына іссапармен барды. Сапар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даурен Абаевтың, сондай-ақ Қазан қаласындағы Қазақстанның Бас консулы Ерлан Ысқақовтың қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Рустам Миннихановпен өткен ресми кездесуде тараптар өнеркәсіптік, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Татарстан Республикасы Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Бұл кездесу аймақаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды және нақты бірлескен жобаларды іске асыруға негіз қалады. Татарстан Республикасының тәжірибесі мен жетістіктері біз үшін үлкен бағдар. Қол жеткізілген келісімдер өңірлеріміздің тұрақты дамуы мен инновациялық өсуіне жаңа серпін беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен әріптестікті нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін», — деп атап өтті облыс әкімі.

Shares