Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дан Руслан Молдабаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды

СҚО-дан Руслан Молдабаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды

October 24, 2025 10:15

Қазақстан құрамасының бас бапкері, муайтай спортынан ұлттық құрама жетекшісі Руслан Молдабаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Руслан Қажыбаевич Молдабаев 1986 жылдың 6 сәуірінде дүниеге келген. 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін бітірген. 2009–2014 жылдары тай боксы бойынша жаттықтырушы, ал 2014–2024 жылдары СҚО муайтай құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Руслан Молдабаев – муайтайдан спорт шебері, жоғары санатты бапкер, муайтай бойынша халықаралық дәрежедегі төреші. Ол екі дүркін әлем чемпионы Шамиль Ермағамбетовті тәрбиелеген.

«2009 жылдан бері муайтай спорты бойынша көп еңбек атқарылды. Осы жылдар ішінде әлем және Азия чемпиондары шықты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы мен үшін үлкен мотивация болды. Бұл жетістік елімізде спортты одан әрі дамытуға жігер береді», – деді Руслан Молдабаев.

Shares