СҚО-ға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі келді
October 31, 2023 19:57

Облысқа жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник келді. Бүгін ол азаматтармен жеке қабылдау өткізіп, солтүстікқазақстандықтардың бірқатар сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ медициналық ұйымдардың директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ертең, 1 қарашада вице-министр көпсалалы облыстық аурухана мен облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысады. Сонымен қатар, тұрғындармен және азаматтық сектормен кездесу жоспарланған.
