Ұлттық ұлан академиясының курсанттары облыстық еркін күрес чемпионатында бес жүлделі орынды жеңіп алды

Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Солтүстік Қазақстан облысында өткен еркін күрестен ерлер арасындағы облыстық чемпионатта жоғары дайындық деңгейін және шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Академия өкілдерінің айтуынша, бұл жетістіктер табандылықтың, еңбектің және командалық қолдаудың нәтижесі болып табылады әрі курсанттардың жоғары физикалық және жауынгерлік даярлығын дәлелдейді.

57 кг салмақ дәрежесінде 2-курс курсанты Байтасов Мәдиар — III орын
61 кг салмақ дәрежесінде 1-курс курсанты Карыбекуулы Рахматилда — I орын
86 кг салмақ дәрежесінде 4-курс курсанты Мадетов Талант — III орын
97 кг салмақ дәрежесінде 1-курс курсанты Асан Қадырбек — III орын
сол салмақта 4-курс курсанты Жайықбаев Искандер — I орын алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты Академияның саптық алаңында өтті. Медальдар мен грамоталарды жеке құрам алдында Академия бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Аскар Файзулин табыстады. Ол спортшыларды құттықтап, олардың нәтижелері жас ұландардың жігері мен жеңіске деген ұмтылысының дәлелі екенін атап өтті.
