Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов жылдың үздік спортшысы атанды

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов жылдың үздік спортшысы атанды

Астанадағы Президенттік Орталықта Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытынды жиыны өтті. Шарада “Үздік” спортшылар салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара аясында еліміздің беделін арттырған және жеңімпаз атанған спортшыларға, сондай-ақ спорт саласына елеулі үлес қосқан мамандарға 18 атақ берілді.

Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада ойындары мен биылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары және жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық “Үміт” спорт клубы “Жылдың үздік спорт ұйымы” номинациясында жеңімпаз атанды, ал клуб спортшысы Ербол Хамитов жылдың үздік спортшысы атанды.

“Үміт” спорт клубының басшылығын, ұжымын, спортшыларын және Ербол Хамитовты, оның жаттықтырушыларын тамаша нәтижелерімен және жылдың тамаша аяқталуымен құттықтаймыз!”,- деп толықтырды СҚО спорт басқармасы.

 

Shares