СҚО-да ҰОК 30 жылдығына арналған шара өтті
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Олимпиада чемпионы, ҰОК бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиевпен бірге ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
Облыста олимпиадалық қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Келесі жылы төртжылдықтың басты жарысы – Олимпиада Парижде өтеді. Біздің велошабандоз Алексей Луценко екі лицензия жеңіп алды. Оған қоса, 7 спортшымыз үміткер мәртебесіне ие. Солтүстікқазақстандықтар атлеттеріміз Олимпиада ойындарында биіктен көрініп, еліміздің қоржынына жүлделерді салады деп сенеді.
Жиында Серік Сәпиев өңірдің спорт саласының өкілдеріне ҰОК мерейлі медалдарын және алғыс хаттарын табыс етті.