Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Ауыр атлетикадан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанған өңір тумасы петропавлдықтармен кездесті

Ауыр атлетикадан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанған өңір тумасы петропавлдықтармен кездесті

Достық үйінде ауыр атлетикадан әлем чемпионы Бақыт Жүсіповпен кездесу өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бақыт Қажығалиұлы – Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Николаевка ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Томск қаласында тұрады. Бақыт Қажығалиұлы – көптеген халықаралық жарыстардың қатысушысы және жеңімпазы. Бұған кездесу қатысушылары қызығушылықпен қараған медальдар анық дәлел.

Кездесуде спорт ардагері спорттың пайдасы жайлы бірсыпыра дерек айтты. Қонақты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысы аса қызықтырды. Кездесу барысында аға буын өкілдеріне спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер жасау бойынша  ұсыныстар да айтылды.

Шара соңында мейман облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде петропавлдықтармен өткізген кездесу үшін алғысын білдірді.

 

Shares