2024 жылы 3 000 қазақстандық әскери жиындарға шақырылады
Қорғаныс министрінің 2024 жылы Қазақстанның әскери міндетті азаматтарын әскери жиындарға шақыру жөніндегі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін 23 қаңтарға дейін жарияланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Нормативтік құқықтық акт «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес дайындалды. 2024 жылы 3 000 әскери міндеттіні әскери жиындарға шақыру көзделген.
Жұмысты атқару міндеті қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Бас штаб бастығына жүктелген.
Қоса кетейік, тиісті бұйрық бірінші рет ресми жария етілген күннен кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.