Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жүк көлігі жолдан шығып кетті

СҚО-да жүк көлігі жолдан шығып кетті

25 қаңтар күні 20:50 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 876 шақырымында тіркемесі бар «MAN» жүк көлігі оңға бұрылмақ болғанда жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Данияр Шабаров пен Ақылбек Бірімжанов, сондай-ақ ПД ППБ 1-ші взводының командирі Нұрсұлтан Аушахманов дереу көмек ұйымдастырды.

Өз кезегінде «ҚазАвтоЖол» АҚ арнайы техника мен механикті жіберді. Жүк көлігін шығарып жатқан уақытта полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

“Тәртіп сақшылары жүргізушілерді қысқы жолдарда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға, ал қажет болған жағдайда қиын учаскелерде жылдамдықты барынша азайтуға шақырады”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

 

Shares