Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қызылордалықтар 1000 теңгенің аяқ киімі үшін бір-бірін таптауға дейін барды

Қызылордалықтар 1000 теңгенің аяқ киімі үшін бір-бірін таптауға дейін барды

Қызылордалықтар ерсі әрекетке барып, күллі елді өздеріне қаратты. Аяқ киімді өте төмен бағада сатып алғысы келген адамдардың үлкен тобы шыны сөрені және бутиктің есігін сындырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА сілтеме жасап.

Бейнеролик Instagram желісіндегі дүкеннің аккаунтында пайда болды. 1000 теңгеге жұп аяқ киім сатып алу шартты қарапайым болды: дүкеннің Instagram-аккаунтына жазылу және сауда нүктесінің ашылуын күту.

Кейінірек акцияны ұйымдастырушылар мойындағандай, олар мұнша адам мен толқуды күтпеген. Шараны өткізушілер тек адамдар арзан бағамен сапалы аяқ киім сатып алғанын қалаған.

Олар 30 минуттан кейін акцияны тоқтатуға мәжбүр болды. Дүрбелең кезінде шыны сөре сынып, есік қираған, көптеген сатып алушы өздерін нашар сезінген. Сенатор Нұртөре Жүсіп қазақстандықтардың осындай акциялардағы ерсі іс-әрекетіне назар аударып, депутаттық сауал жолдады. Ол мұндай іс-шараларда барлығын қоржынға салғысы келетін ел тұрғындарына өкпе білдірді.

 

Shares