Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда ринк-бендиден СҚО чемпионаты өтті

Петропавлда ринк-бендиден СҚО чемпионаты өтті

25-28 қаңтар аралығында Петропавлда «Қарасай» стадионының жабық хоккей кортында «Север-2024» облыстық қысқы спорттық мерекесі аясында ринк-бендиден (допты хоккейден) облыс чемпионаты өтті, оған он екі аудандық команда қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жексенбі, 28 қаңтарда финалдық ойындар өтті. Үшінші орынға Шал ақын және Қызылжар аудандарының командалары таласқа түсіп, қызылжарлықтар 7:2 есебімен жеңіске жетті. Чемпионаттың финалдық ойынында Мүсірепов және Тайынша аудандары ойнады. Кездесу 13:1 есебімен тайыншалықтардың пайдасына аяқталды. Нәтижесінде бірінші орынды Тайынша ауданының командасы, екінші орынды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның командасы иеленді, ал қызылжарлықтарға қола медаль бұйырды.

«Солтүстік-2024» қысқы спорт мерекесі осы аптада Қызылжар ауданында жалғасып, онда қысқы Президенттік көпсайыстың мықтылары анықталатын болады.

Shares