Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық 10 жасар бала Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды

Солтүстікқазақстандық 10 жасар бала Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды

Қаңтардың соңғы екі күнінде Ақмола облысында үш бірдей бала қайтыс болды. Олардың барлығы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жатқызылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасап QZ Мedia тілшісі.

Ажал құшқан кішкентай науқастың бірі – СҚО-дан барған бала. 31 қаңтарда аурухананың хирур дәрігеріне операциядан кейінгі шағымдармен Солтүстік Қазақстан облысы Аққұдық ауылының 10 жасар тұрғыны әкелінген.

Екі күн бұрын осы ауруханада теріскейлік бала сүндеттелген. Баланы амбулаторлық жағдайда хирург бақылаған.

“Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толық көлемде көрсетілді, реанимациялық іс-шаралар да жүргізілді, бірақ әсері болмады. 31 қаңтар күні сағат 18:20 – да биологиялық өлім тіркелді”, – деп хабарлады ведомство.

Қайғылы жайтқа қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Shares