Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қозыбаев университетінің студенттері “Солтүстік-2024” спорттық мерекесінде 5 медаль жеңіп алды

Қозыбаев университетінің студенттері “Солтүстік-2024” спорттық мерекесінде 5 медаль жеңіп алды

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында “Солтүстік-2024” спорттық мерекесі аяқталды. Оның аясында қысқы Президенттік көпсайыс бойынша СҚО-ның жеке-командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тартысты додада Қозыбаев университетінің студенттері 5 медаль жеңіп алды, деп жазды ЖОО баспасөз қызметі.

“Никита Изотовтың қоржынында екі алтын бар: 2021-2023 жас тобында бірінші орын және жарыстың абсолютті жеңімпазы. 18-20 жас аралығында Данил Свиржевский күміс жүлдегер атанды. Ал Юлия Безушко қола медальға ие болды, ол кеудені жерден көтеру сайысында өзінің жеке рекордын орнатты – 80 рет. 2021-2023 жж. жас тобында Аркадий Есман үшінші атанды. Барлық студент дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасында, педагогика факультетінде оқиды”,- деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Көпсайысшыларды атақты жаттықтырушы, “Дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, ардагерлер арасындағы қазіргі чемпион Александр Наумов жаттықтырады. Ол осы жарыста 40 және одан жоғары санаттағы адамдар арасындағы абсолютті біріншілікте жеңіске жетіп, өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

 

 

Shares