Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда үстел теннисі орталығы мен ССК пайда болады

Петропавлда үстел теннисі орталығы мен ССК пайда болады

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы спорт және білім нысандарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңіріміз халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген спортшыларымен танымал. Кәсіби шеберлік, еңбекқорлық пен табандылық солтүстікқазақстандық спорт мектептеріне тән қасиет. Олардың қатарында К.Сафин атындағы бокс мектебі де бар. Мұнда қазір 372 тәрбиеленуші жаттығады. Жас боксшылар түрлі жарыстарда өздерін дәлелдеп үлгерді.

Біздің өңір – атақты велошабандоздардың туған жері. Велоспорттан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 240 бала айналысады. Өткен жылы жігіттер Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

“Біздің міндетіміз – облыстың спорттық әлеуетін дамыту. Осы мақсатта биыл аудандарда төрт спорт кешені мен жабық жүзу бассейнін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Петропавлда үстел теннисі орталығы мен спорт-сауықтыру кешенін саламыз”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

СҚО әкімі «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасы мен Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде болды. Мұнда студенттер зертханаларда практикалық дағдыларды игеріп, сұранысқа ие мамандықтар алуда.

“Білім саласында да оң өзгерістер болады. Биыл облыста 48 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді”, – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 4 мектеп салынса, оның екеуі «Орман» және «Береке» шағын аудандарында тұрғызылуда. Облыс орталығында түзету мектеп-интернаты мен 2 балабақша салынуда.

 

Shares