Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мағжан Жұмабаев ауданында автокөлік жанып кетті

Мағжан Жұмабаев ауданында автокөлік жанып кетті

Облыста бір тәулікте бірнеше өрт оқиғасы болды. Мәселен, 5 ақпан күні Мағжан Жұмабаев ауданында гараж, ал облыс орталығында барак үлгісіндегі үй жанып кетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

5-сі күні сағат 7:19-да құтқарушылардың пультіне Чистовский ауылында гараж жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сағат 7:49-да өрт сөндірушілер шақыру орнына келіп, отты жоюға кірісті.

“Гараждан шыққан өрт 350 шаршы метрлік қосалқы құрылысқа тарады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 3 бірлік техника мен 8 өрт сөндіруші жұмыс істеді. Көлік өртеніп кетті. Өрттің себебі анықталып жатыр”, – деп хабарлайды ведомство.

Петропавлда да 5 ақпан күні сағат 15:58-де Крепостной, 39 және Сакко және Ванцетти, 11 көшелерінің қиылысында орналасқан барак үлгісіндегі алты пәтерлі тұрғын үй отқа оранды. СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

“Нәтижесінде №6 пәтердің төбесі, жиһазы мен кіреберіс бөлмесі өрттен зақымдалды. ТЖД күшімен көрші пәтерлерден 8 адам эвакуацияланды, барлығымен әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді. Өрттің жалпы ауданы 40 шаршы метрді құрайды. Өрт 16 сағат 59 минутта оқшауланып, 18 сағат 42 минутта жойылды”, – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 

Shares