Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Ғ. Мүсірепов атындағы балалар кітапханасында оқушылар үшін кинокеш ұйымдастырылды

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар кітапханасында оқушылар үшін кинокеш ұйымдастырылды

Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының коворкинг орталығы жайлы кинозалға айналды. “Білім-Инновация” облыстық мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары “Менің атым Қожа” фильмін тамашалады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Фильм кездейсоқ таңдалмаған. 2024 жылы “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынылды. Ол – ең алдымен балалар жазушысы. “Менің атым Қожа” әңгімесі оған үлкен абырой әкелді”, – деді Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы әдістемелік бөлімінің басшысы Динара Қаратаева.

“Менің атым Қожа” шығармасы әлемнің 68 тіліне аударылған. Авторлық сценарий бойынша түсірілген фильм Халықаралық Канн кинофестивалінің сыйлығын да жеңіп алды.

“Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келген. Белгілі қазақстандық балалар жазушысының 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Кино кешке келгеніме қуаныштымын. Бос уақытты осылай өткізу отандық әдебиетті одан да жақсы көруге мүмкіндік береді”,- деді “Білім-Инновация” облыстық мамандандырылған лицей-интернатының оқушысы Төлеген Батыр.

Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында осындай форматтағы іс-шара алғаш рет өтті.

Shares