Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » “Құлагер” хоккей клубының жастары өскемендік қарсыластарынан жеңіліп қалды

“Құлагер” хоккей клубының жастары өскемендік қарсыластарынан жеңіліп қалды

February 9, 2024 16:15

А. Винокуров спорт сарайының мұз айдынында “Құлагер М” және “Торпеда М” хоккей клубтары арасында матч өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ойын қарқынды басталды, қос команда мүшелері алға шығу үшін бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. 7 минутта есепті өскемендік спортшылар ашты. Ал екінші минутта қонақтардың қақпасына “Құлагер М” ХК №7 ойыншысы Алексей Фрукалов шайба соқты.

“Командаға “жақсы” деген баға берем. Біздің жігіттер толығымен беріліп ойнап жатыр. Жарайсыңдар дегім келеді. Тек жақсы нәтиже күтеміз”, – деді “Құлагер М” ХК бас бапкері Максим Первухин.

“Бірінші кезеңде бізде де, қарсыластарымызда да көптеген ұтымды сәт болды. Қазір есепті теңестіруге, жеңіске жетуге тырысамыз”, – деп пікір білдірді “Құлагер М” ХК шабуылшысы Матвей Кузьмин.

Алайда, ойын “Торпедо М” ХК пайдасына 1:8 есебімен аяқталды. “Құлагер М” ХК келесі ойынды 12 ақпанда А. Винокуров спорт сарайында өткізеді. Теріскейліктер Павлодардан келетін “Мұнайшы М” ХК күш сынаспақ.

Shares