Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда облыстық қолданбалы өнер көрмесі өтуде

Петропавлда облыстық қолданбалы өнер көрмесі өтуде

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында облыстық қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Оған өңірдің 11 ауданынан және Петропавлдың жас шеберлері қатысуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қолданбалы өнер көрмесі жыл сайын өтеді. Марапаттар 7 номинация бойынша тапсырылады. Шараға 11 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар қатысады. Жастар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, жүлделі орындар үшін күреседі.

“Мұндай шахмат жасау үшін екі жыл қажет болды. Мен дымқыл ағаштан жасадым, өйткені құрғақ ағаш жарыла береді. Ештеңе түсіп қалмас үшін алдымен радиатор бояумен боядым. Шахмат-интеллектуалды ойын. Бастауыш сыныптарда оқитын балаларға ұсынғым келеді. Олар дамиды”,-деді Бескөл мектеп-колледжінің оқушысы Сергей Тишаков.

“Мен осындай әдемі әрі қолдан жасалған киімдерді ұсынамын. Оларда киізден жасалған элементтер бар. Бұл костюмдер Вячеслав Зайцовтың Мәскеудегі “Алтын ине” байқауында жоғары бағаланды. Онда “Томирис” сән театры 3-ші орынға ие болды”, – деді сән театрының тәрбиеленушісі Анфиса Казакова.

Ұйымдастырушылар бұл көрме бірнеше жыл бойы өз жұмыстарымен айналысатын нағыз шеберлерді тартқысы келетінін атап өтті.

“Бұл – киізден, қағаздан, пластиктен, былғарыдан, ағаштан жасалған бұйымдар. Көптеген әдемі жұмыс ұсынылған”, – деді облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының әдіскері Любовь Фомич.

Көрмеде 70-ке жуық жұмыс ұсынылған. Үздік авторлар диплом иеленеді.

 

 

Shares