Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық полицей ел қоржынына алтын медаль салды

Солтүстікқазақстандық полицей ел қоржынына алтын медаль салды

Полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов Делиде кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорттық іс-шара Үндістанның астанасында өтті. Екі жыл бойы Қазақстан Республикасының құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген погондағы спортшы шеберлігімен жеңіске жетті. Ол жартылай финалда непалдық спортшыны тізе бүктірді. Ал финалда ирандық спортшымен кездесті. Ақтық сында Нұрсұлтан кеңінен көсіліп, ұпай саны жағынан басым түсті.

Айта кету керек, бұл – солтүстікқазақстандық полицей-кикбоксшының кезекті жеңісі. 2022 жылдың желтоқсан айында Тайландта өткен дүбірлі додада Азия чемпионы атанған полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов осы жолы да халықаралық чемпионатта ел намысын абыроймен қорғады.

 

Shares