Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда бас көтерген өрттен ер адам зардап шекті

Петропавлда бас көтерген өрттен ер адам зардап шекті

22:37-де Петропавлдағы Ғ. Мүсірепов көшесі бойында орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимараттың жертөлесінде өрт болды. От 60 шаршы метр аумақта шарпыды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқиға орнына жеке құрамның 23 адамы және 7 бірлік техника дереу шықты. Өрт 23:29-да сөндірілді.

ТЖД күштерімен жану өнімдерімен уланған белгілері бар 1985 жылғы ер адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.

 

 

 

 

 

 

 

Shares