Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда бас көтерген өрттен екі адам күйік пен жеңіл жарақат алды

Петропавлда бас көтерген өрттен екі адам күйік пен жеңіл жарақат алды

20 ақпан күні 05:52-де 101 арнасына Петропавлдағы Матвеев көшесінде орналасқан жеке ағаш үйде өрт бас көтергендігі туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өрт орнына облыс орталығындағы екі өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары шықты. Мамандар келгенде үйдің кіреберісі ашық жанып жатыпты. Салдарынан кіреберіс жартылай жанып кетті. Сонымен қатар, шатыр мен төбенің бір бөлігіне зақым келген. Оттың жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады.

“Өрт болған жерде өмірге қауіп төндірмейтін күйіктер мен жеңіл жарақаттар алған 1978-ші жылғы әйел адам мен 1983-ші жылғы ер адам анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Өрт 06:31-де ауыздықталып, 06:47-де жойылды”, – делінген СҚО ТЖД халықпен байланыс жөніндегі тобының хабарламасында.

Өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы және СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы  қатысты. Өрттің себебі анықталуда.

 

 

Shares