Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қозыбаев университетінің студенті Азия чемпионатына және Әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды

Қозыбаев университетінің студенті Азия чемпионатына және Әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды

Астанада ақпанның 13-17 аралығында «ұзақ цикл» бойынша өткен республикалық чемпионатта Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері Солтүстік Қазақстан облысының  намысын қорғады. Жастар арасында 63 келі салмақта өнер көрсеткен екі спортшымыз жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Илья Ротов 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, Азия чемпионатына (Қытай) және Әлем чемпионатына (Грекия) қатысуға лицензия иеленді.

Қыздар арасында гір тасын 44 рет көтерген, Валентина Беседина (МИ-21 тобы) екінші орынға ие болды. Спортшыларды Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы «Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Андрей Ярославович Глывяк дайындады.

Shares