Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Облыс орталығында муай-тайдан чемпионат бастау алды

Облыс орталығында муай-тайдан чемпионат бастау алды

24 ақпан күні “Жауынгер” спорт клубында тай боксынан қала чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Спортшылар 6 мен 14 жас аралығында. Муай-тайдан кіші жасөспірімдер арасындағы чемпионат 80-ге жуық қатысушының басын қосты.

“Бүгін жартылай финалдық және алдын ала жекпе-жектер өтеді, ал ертең 3-орын үшін және финалдық жекпе-жектер болады. Бұл турнирдің жеңімпаздары СҚО құрамасына қаралады. Олар өңірдің намысын Қазақстан чемпионатында қорғайды, онда әлем чемпионатына қатысушылар іріктеледі”, – деді СҚО муай-тай федерациясының басшысы Иван Ван-Хон-Тун.

СҚО-да муай-тай 2007 жылдан бері дамып келеді. Облыста Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен әлем чемпионатының қатысушылары көп.

“2023 жылы біздің спортшы ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын алды. Қазір СҚО-лық жігіттер ересектер арасындағы ел чемпионатына дайындалуда. Аймақтан 8 спортшы барады. Оның төртеуі – Қазақстан құрамасының мүшелері. Ал мамыр айында әлем чемпионатына дайындаламыз”, – деді СҚО муай-тай федерациясының басшысы Иван Ван-Хон-Тун

Солтүстік аймақта муай-таймен 500-ге жуық адам айналысады. Наурыз айының соңында Петропавлда жыл сайынғы клубтық ашық турнир өтеді. Ол орташа есеппен 80-нен 150-ге дейін қатысушыны жинайды.

Shares