Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда триатлон бағы салынады

Петропавлда триатлон бағы салынады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Өңір басшысы жүздесуде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаты және спортшы Закиржан Мамлютов әкімге жекпе-жек, көркем гимнастика сарайын және триатлон бағын салу жөнінде ұсыныс білдірді.

“Мұны біріктіруге болады. Жоспарланған ірі құрылыс нысанына қосу нұсқасын да қарастырған жөн. Мұндай орындар аймаққа өте қажет. Сонымен қатар, Пестрое көлінің жанындағы бос жерде триатлон бағын тұрғызуға болады. Көптеген қалада мұндай жер бар. Біздің қалада жоқ дегім келеді. Жасыратыны жоқ, бұл спорт түрі қазір кез келген жастағы адамды қызықтырады”, – деді Закиржан Мамлютов.

Ғауез Нұрмұхамбетов триатлон бағын салу идеясын қолдады. Өңір басшысы сметаны дайындап, Закиржан Мамлютовты нысанды дайындау жөніндегі комиссияға қосуды тапсырды. Айта кетейік, Пестрое көлінің ауданында триатлоннан тартысты жарыстар өтіп тұрады, сондықтан спортшылар бұл төңіректі жақсы біледі.

Shares