Уәлиханов ауданында ана мен екі бала улы газдан зардап шекті
25 ақпан күні 21:00-де Уәлиханов аудандық ауруханасына улы газдан жеңіл формада зардап шегу белгілерімен бір отбасы мүшелері түсті: анасы, 1992 жылы туған және оның екі ұлы, 2011 және 2022 жылы туған. Олар аудан орталығы – Кішкенекөл ауылындағы жеке үйлерінде болған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Зардап шеккен жерлестеріміз ауруханаға жатқызылды, қажетті ем алды, кейін үйлеріне жіберілді. Тұрғын үйді тексеру кезінде мұржаның ысырмасы жоқ екені анықталды. Ал түтін жолдары бітеліп қалған. Салдарынан улы газ сыртқа шықпай, адамдар отырған баспанаға тараған. Яғни, үйде қауіпсіздік ережесі сақталмаған.
“Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 2023 жылдың тамызында аулаларды аралады. Сонда мамандарымыз осы үйдің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша тілдесіп, алдын алу жұмыстарын түсіндірген еді. Ағымдағы жылдың басынан бастап СҚО-ның елді мекендерінде 4 адам газдан уланды. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 20 адам уланып, 1 адам қаза тапты”, – деп хабарлады СҚО ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы